Бүгін Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың емханасында стационар және емхана дәрігерлерінің қатысуымен «Суицидтің алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық аспектілер» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында мамандар суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді, сондай-ақ қауіп факторларын дер кезінде анықтаудың және пациенттерге мұқият қараудың маңыздылығын талқылады.
Спикер ретінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Психикалық денсаулық орталығының суицидологиялық қызметінің жетекшісі, жоғары санатты психиатр дәрігер Мария Валерьевна Токарева дәріс жүргізді.
Осындай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және алдын алу мен уақтылы көмек көрсету тәсілдерін жетілдіруге ықпал етеді.