Жамбыл облысында ментальды денсаулықты қолдау бойынша мамандар біліктілігін арттырды

Жамбыл облысында ментальды денсаулықты қолдау бойынша мамандар біліктілігін арттырды

Жамбыл облысында ментальды денсаулықты қолдау бойынша тренинг өтті.
Тараз қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының mhGAP (Психикалық денсаулық саласындағы олқылықтардың орнын толтыруға арналған іс-қимыл бағдарламасы) бағдарламасы бойынша үш күндік оффлайн тренинг сәтті аяқталды.
Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының — жалпы тәжірибе дәрігерлері (ЖТД), психологтар біліктілігін арттырды.

Дәрісті mhGAP ұлттық тренері , Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы директорының орынбасары Наби Есімов жүргізді және қатысушыларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде психикалық және неврологиялық бұзылуларды ерте анықтау, диагностикалау және қолдау көрсетудің заманауи әдістерін , қалай қимыл-әрекет етудің амалдарын түсіндірді.

Тренинг мақсаты — халыққа көрсетілетін психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Бұл игі бастамаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы», Жамбыл облысы бойынша бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жүзеге асырды.