Алматыдағы №8 ҚКА-да қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіле бастады

Алматыдағы №8 ҚКА-да қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіле бастады

Алматы қаласының №8 қалалық клиникалық ауруханасында қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіле бастады

Кімдерге ауруханада ем қабылдау қажет болуы мүмкін?
Мынадай жағдайлары бар пациенттерге:
• 1 және 2 типті қант диабеті;
• алғаш анықталған қант диабеті — аурудың түрін нақтылау және емдеу тактикасын таңдау үшін;
• қант диабетінің декомпенсациясы және қандағы глюкоза деңгейінің айқын жоғарылауы (гипергликемия);
• гипогликемиялық жағдайлар;
• диабеттік табан, нефропатия, полинейропатия және ангиопатияны қоса алғанда, қант диабетінің асқынулары;
• қалқанша без, бүйрекүсті бездері және гипофиз аурулары;
• кальций-фосфор алмасуының бұзылыстары;
• ауыр дәрежедегі семіздік және басқа да метаболизмдік бұзылыстар.
Стационарда қандай көмек көрсетіледі?
Эндокринолог дәрігерлер қажетті диагностика мен медициналық бақылау жүргізеді, гормондық көрсеткіштерді бағалайды, аурудың асқынуларын анықтайды, сондай-ақ емдеу тәсілін таңдап, қажет болған жағдайда түзетеді. Оның ішінде қантты төмендететін дәрілермен және инсулинмен емдеу терапиясы да бар.
Пациенттерге ауруды өз бетінше бақылау бойынша ұсынымдар беріледі. Қажет болған жағдайда басқа бейінді мамандардың консультациясы ұйымдастырылады.
Ем алуға қалай болады?
Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Шұғыл госпитализация медициналық көрсетілімдер болған жағдайда жүргізіледі.