Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Мемлекет медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған медициналық инфрақұрылымды жаңартудың негізгі бастамашысы болып табылады.
Жобаның іске асырылуы Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Бұл жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын, тиімді үйлестіруді және заманауи шешімдердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жаңғырту аясында аурухананың медициналық инфрақұрылымын кешенді түрде жаңарту көзделген:
* емдеу корпустарын күрделі жөндеуден өткізу;
* операциялық блоктарды заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтап жаңғырту;
* реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін жаңарту;
* клиникалық-диагностикалық зертханаларды қайта жаңғырту;
* заманауи қабылдау және диагностикалық аймақтарды құру;
* цифрлық және инновациялық медициналық технологияларды енгізу;
* инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту;
* пациенттердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында палаталарды жаңарту;
* медицина қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайларын жасау;
* аурухана аумағын абаттандыру және көгалдандыру.
Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, №7 Қалалық клиникалық ауруханасы халыққа тәулік бойы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Жобаны іске асыру медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттыруға, жоғары технологиялық медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық денсаулық сақтау стандарттарына сай заманауи клиника қалыптастыруға мүмкіндік береді.