Нефрология бөлімі

Нефрология бөлімі

№8 Қалалық клиникалық ауруханада мамандырылған нефрология бөлімше жұмыс жасайды.

Бүйрек аурулары әрдайым айқын ауырсынумен қатар жүрмейді. Бүйрек қызметінің бұзылғанын ісіну, зәр шығарудың өзгеруі, артериялық қысымның жоғарылауы, сондай-ақ зертханалық талдаулардағы өзгерістер көрсетуі мүмкін.

Клиниканың жаңа нефрология бөлімінде бүйректің жедел және созылмалы аурулары бар пациенттерге мамандандырылған диагностика және ем жүргізіледі.
Пациенттерді қабылдаймыз:
шұғыл түрде — бүйректің жедел зақымдануы, ауыр немесе асқынған пиелонефрит, нефриттік және нефротикалық синдромдар, тез үдемелі гломерулонефрит, электролиттік теңгерімнің айқын бұзылыстары және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін басқа да жағдайлар кезінде;
жоспарлы түрде — тереңдетілген диагностика жүргізу, емді таңдау және түзету, сондай-ақ бүйректің созылмалы ауруларын тексеру және емдеу мақсатында.
Бөлімде диагностика жүргізетін, бүйрек қызметін бағалайтын, емдеу тактикасын және пациентті әрі қарай динамикалық бақылау жоспарын анықтайтын дәрігер-нефрологтар жұмыс істейді.

Егер сізде ісіну, зәр шығарудың өзгеруі, артериялық қысымның жоғарылауы немесе бүйрек қызметін сипаттайтын көрсеткіштерде өзгерістер байқалса — нефрологқа қаралуды кейінге қалдырмаңыз.