МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТКЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҚАЙДА ТАПСЫРУ КЕРЕК?

МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТКЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҚАЙДА ТАПСЫРУ КЕРЕК?

№16 қалалық емханасының ЖПД бөлімінің аға медициналық мейірбикесі Гүлжамал Абдурахманова мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді қайда тапсыру керектігін және оларды дұрыс жоюдың маңыздылығын айтып берді.

Үйіңізде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер болса, оларды «керек болып қалар» деп сақтамаңыз және тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз.
Ескірген таблеткаларды, капсулаларды және басқа да дәрілік препараттарды №16 қалалық емханаға әкеліңіз. Мұнда оларды жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған.
Неліктен бұл маңызды?
Мерзімі өткен дәрілердің кездейсоқ қолданылу қаупі азаяды.
Үйдегі дәрі қобдишасының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Дәрі-дәрмектер арнайы жинау орнына өткізіледі.
Бүгін үйдегі дәрі қобдишаңызды тексеріңіз. Егер дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, оны сақтамаңыз және кез келген жерге тастамаңыз. Арнайы жинау жәшігіне өткізіңіз.

Өз денсаулығыңызды қорғап, дәрі-дәрмектерді қауіпсіз кәдеге жаратуға үлес қосыңыз!