Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен медициналық ұйымдар басшыларының жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында 2026 жылдың жеті айындағы халықты вакцинациялаумен қамту көрсеткіштері, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларын орындау шеңберінде жүргізілген мониторинг нәтижелері, жоспарлы емдеуге жатқызуды күтіп отырған пациенттер санына жүргізілген талдау, бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде пациенттерді динамикалық бақылауды ұйымдастыру, Телемедицина орталығының қызметі, сондай-ақ резидентура арқылы денсаулық сақтау жүйесіне қажетті мамандарды даярлау мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Марат Пашимов медициналық ұйымдардың басшыларына қойылған міндеттердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, профилактикалық жұмысты күшейтуді және халыққа медициналық көмектің тиімділігін арттыруды тапсырды.