Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады

Жеке қабылдау барысында қала тұрғындарының медициналық көмек көрсету және емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініші қаралды.

Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, халықтың өтінішін жедел шешуге және медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Азаматтарды қабылдау әр бейсенбі сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Қабылдау барысында тұрғындар қаладағы денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақ, ұсыныс және мәселелерімен жүгіне алады.

Қосымша ақпарат алу және қабылдауға жазылу үшін call-орталыққа келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 700 050 1213;

+7 700 050 1312.