Қазақстан тұрғындары тіркелген емханасында профилактикалық скринингтік тексерулерден тегін өте алады.
Мемлекеттік бағдарлама аясында келесі скринингтер жүргізіледі:
* 40–76 жас аралығында (әр 2 жыл сайын) – артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлыққа байланысты қауіп факторларын ерте анықтауға арналған скрининг;
* 40–76 жас аралығындағы әйелдерге (әр 2 жыл сайын) – сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг;
* 30–74 жас аралығындағы әйелдерге (әр 4 жыл сайын) – жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скрининг;
* 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (әр 2 жыл сайын) – колоректальды обырды ерте анықтауға арналған скрининг;
* 50–76 жас аралығындағы ерлерге (әр 2 жыл сайын) – ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтауға арналған скрининг.
№11 қалалық емхананың профилактика бөлімшесінің меңгерушісі Алёна Ришатовна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңдерде симптомсыз өтеді.
«Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді болып, асқынулардың даму қаупі төмендейді. Сондықтан профилактикалық тексерулерден уақтылы өтіп, өз денсаулығыңызға немқұрайлы қарамау өте маңызды», – деді Алёна Ришатовна Зекунова.
Скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарламалар аясында тегін жүргізіледі. Жасыңыз бойынша скринингтен өтуге жататыныңызды тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден білуге болады.