Мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қоқысқа тастамаңыз – оларды қауіпсіз түрде тапсырыңыз!

Мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қоқысқа тастамаңыз – оларды қауіпсіз түрде тапсырыңыз!

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға мерзімі өткен немесе қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды дұрыс кәдеге жарату қажеттігін еске салады.

«Дәрілік заттарды қауіпсіз кәдеге жарату» жобасы аясында Алматы тұрғындары бір жылдың ішінде 1 тоннадан астам мерзімі өткен дәрілік заттарды арнайы қабылдау орындарына тапсырды. Жиналған дәрілік заттардың барлығы қоршаған ортаға түспей, қауіпсіз түрде жойылды.

Неліктен бұл маңызды?

Мерзімі өткен дәрілік заттарды тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға немесе кәріз жүйесіне төгуге болмайды. Бұл топырақ пен су көздерінің ластануына, сондай-ақ халық денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Алматы қаласының 38 қалалық емханасында мерзімі өткен және қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды қабылдауға арналған арнайы бокстар орнатылған. Әрбір тұрғын қажетсіз дәрілік заттарды осы бокстарға тапсыра алады.

Үйдегі дәрі қобдишаңызды тексеріп, мерзімі өткен дәрілік заттарды қауіпсіз кәдеге жарату үшін жақын орналасқан қабылдау боксына өткізіңіз.

Табиғатты қорғау және халық денсаулығын сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!