Қазақстанда мемлекет туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға Ерте араласу орталықтары арқылы тегін көмек көрсетеді. Олардың негізгі мақсаты — баланың дамуындағы ықтимал бұзылыстарды мүмкіндігінше ерте анықтап, бала мен оның отбасына кешенді әрі уақтылы қолдау көрсету.
Орталықтарда балалармен мультидисциплинарлық мамандар тобы жұмыс істейді. Олардың қатарында дәрігерлер, логопедтер, психологтер, оңалту мамандары және басқа да бейінді мамандар бар. Сонымен қатар ата-аналарға да жан-жақты қолдау көрсетіледі: оларды балаға күтім жасау дағдыларына үйретеді, баланың дамуы бойынша кеңес береді және көмек көрсету кезеңдерінің барлығында сүйемелдейді.
Ерте араласу баланың мүгедектік қаупін төмендетуге, өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның толыққанды дамуы мен қоғамға табысты бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Көмек неғұрлым ерте басталса, баланың өз әлеуетін толық ашуына соғұрлым мүмкіндік жоғары болады.
Молдахметова Дурия Төлеуқызы, Алматы қаласы №11 қалалық емханасы директорының балалар қызметі және босандыру ісі жөніндегі орынбасары.