Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаланың мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, 16 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық иммундаумен қамту, құзырет орталықтарын дамыту, сондай-ақ саланы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілетін құзыреттілік орталықтарының жұмысына және медициналық ұйымдарды кадрлармен жасақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдардың гранты бойынша оқуды 137 резидент-түлек аяқтады, олар оқуды бітіргеннен кейін бес жыл мерзімге Алматының мемлекеттік медициналық ұйымдарына жұмысқа орналасады.
Кеңесті қорытындылай келе, Марат Пашимов медициналық көмектің сапасын бақылауды күшейтуді, халықты иммундау бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді, құзырет орталықтарын дамытуды жалғастыруды, сондай-ақ медициналық ұйымдарды білікті мамандармен уақтылы жасақтау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.