Алматы қаласының №21 қалалық емхананың педиатрлары Ибрагимова З.А. және Новрузова Н.Б. профилактикалық егулерден бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Вакцинация – балаларды көптеген қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді жолы. Қызылша, қызамық, паротит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, пневмококк инфекциясы, туберкулез, В гепатиті және адам папилломасы вирусы ауыр асқынуларға, мүгедектікке, тіпті өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Ата-аналардың вакцинациядан бас тартуға құқығы бар. Дегенмен мұндай шешімнің салдарын толық түсініп, жауапкершілікпен қарау маңызды.
Вакцинация алдында әрбір бала дәрігердің міндетті тексеруінен өтеді.
Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда екпе уақытша кейінге қалдырылады.
Вакцинадан кейінгі ең жиі реакциялар – екпе орнындағы қызару, дене қызуының аздап көтерілуі және баланың мазасыздануы. Алайда бұл уақытша реакциялар әдетте бірнеше күн ішінде басылады.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығын қорғау үшін вакцинация туралы сенімді ақпаратқа сүйеніп, саналы шешім қабылдаңыздар.