Алматыда Марат Пашимов резидентура түлектерімен кездесті

Алматыда Марат Пашимов резидентура түлектерімен кездесті

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов резидентураны тәмамдаған түлектермен кездесу өткізді.

Кездесуге жергілікті атқарушы органның гранты негізінде білім алған 137 резидентура түлегі шақырылды. Оқу кезеңінде мемлекет олардың оқу ақысын толық қаржыландырып, мемлекеттік шәкіртақы төледі.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер бес жыл мерзімге мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастырылады.
Кездесу барысында Марат Пашимов түлектерге алдағы жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
«Мен сіздерді толғандырған барлық сұрақтарға жеке жауап беру үшін арнайы шақырдым. Біз сіздерге қажетті қолдау көрсетуге және жұмысқа орналасуға жан-жақты көмек беруге дайынбыз», – деді Марат Пашимов.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алдағы жұмысқа орналасу мәселелерін талқылады.