
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаланың бірқатар медициналық ұйымдарын жұмыс сапарымен аралады.
Жұмыс сапары барысында №1, №28, №20, №13 және №22 қалалық емханалардың аумақтарын абаттандыру және санитариялық жағдайына ерекше назар аударылды.
Басқарма басшысы медициналық ұйымдардың аумақтарын ретке келтіруді, жасыл желектерге уақтылы күтім жасауды, абаттандыру элементтерін жаңартуды, анықталған кемшіліктерді жоюды және тазалықты тұрақты түрде қамтамасыз етуді тапсырды.
Медициналық көмектің сапасына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырғанымен, медициналық ұйымдардың аумақтарын абаттандыру мәселелері де әрдайым бақылауда болуы тиіс. Өйткені таза, қауіпсіз әрі күтіп ұсталған аумақ пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы орта қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында болады.