Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен қаладағы медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Ерекше назар медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне аударылды. Бүгінде мамандар тапшылығының тұрақтанғаны және бұл мәселенің тұрақты бақылауда екені атап өтілді.
Сондай-ақ төсек қорын тиімді пайдалану және медициналық көмекті ұйымдастыру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Клиникалық және госпитальдық фармацияны дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда қаладағы медициналық ұйымдарда клиникалық және госпитальдық фармацияның 10 бөлімшесі ашылған. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов ағымдағы жылдың соңына дейін мұндай бөлімшелерді ашу көзделген барлық медициналық ұйымдарда олардың ашылуын толық аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар кеңесте негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) қол жеткізу мәселелері қаралды. Медициналық ұйымдардың басшыларына нысаналы индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету және қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды күшейту тапсырылды.