
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгініп, медициналық көмек көрсету мәселелеріне қатысты түсіндірмелер алды.
Ерекше назар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жақ сүйегіне пластина орнатуды қажет ететін пациентке медициналық көмек көрсету және басқа да мәселелерге аударылды.
Әрбір өтініш бойынша бейінді мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Барлық мәселелер қолданыстағы заңнама аясында одан әрі сүйемелдеу және шешу үшін жеке бақылауға алынды.