Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қаланың медициналық ұйымдарының қызметкерлерін құттықтап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық марапаттарын табыс етті.
"Денсаулық сақтау ісінің үздігі" жоғары марапатына 15 маман ие болды. Тағы 18 медицина қызметкері "Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Әріптестеріне арнаған сөзінде ҚДСБ басшысы оларға күнделікті еңбегі, кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтты.
"Сіздердің орасан зор еңбектеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін рахмет. Күн сайын сіздер адамдарға көмектесесіп, үміт сыйлап және ең құндысы— денсаулық пен өмірді сақтайсыздар. Сізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа табыстар және одан әрі өркендеу тілеймін. Мереке құтты болсын!"- деді ол.
Алматының медицина қызметкерлері күнделікті медицина — бұл жай ғана мамандық емес, нағыз кәсіп екенін дәлелдейді. Бүгінгі марапаттар олардың қала тұрғындарының денсаулығына қосқан үлесін лайықты мойындауға айналды.