Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген «Салауатты жаз» сауықтыру, профилактикалық және оқыту іс-шаралары жоспары аясында №169 және №171 балабақшаларда №21 қалалық емхананың педиатр дәрігерлері Шолпанқұлова А.Е. мен Жұманова А.А. тәрбиеленушілерге арналған танымдық сабақ өткізді.
«Ішек ауруларының алдын алу. Іш ауырмауы үшін не істеу керек?»
Кездесу барысында балалар ішек инфекцияларының қалай пайда болатынын және олардан қалай қорғану керектігін білді. Балаларға ауру тудыратын бактериялардың ағзаға лас қол, жуылмаған көкөністер мен жемістер, қайнатылмаған су арқылы түсетіні, сондай-ақ шыбын сияқты жәндіктер арқылы таралуы мүмкін екені түсіндірілді.
Ішек инфекциясының негізгі белгілері:
- дене қызуының көтерілуі;
- әлсіздік және тәбеттің төмендеуі;
- жүрек айну және құсу;
- іш өту;
- іштің кебуі және ауыруы.
Іштің саулығын сақтау үшін қарапайым ережелерді ұстану маңызды:
- Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен және жануарлармен ойнағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
- Тек қайнатылған немесе қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
- Көкөністерді, жемістер мен жидектерді тұтынар алдында жақсылап жуу;
- Азық-түлік өнімдерін рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмау;
- Тез бұзылатын өнімдер мен дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау.
Осындай профилактикалық сабақтар балалардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, пайдалы әдеттерді ерте жастан меңгеруіне көмектеседі.