1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде, Алматы қаласы, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Балалар - біздің болашағымыз» акциясына 500-ден астам бала мен жасөспірім қатысты.
Акцияны Алматы қаласының ЖИТС орталығы, қалалық Адам репродукциясы орталығы, №5 Қалалық емхана және «Ана мектебі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Іс-шара балалардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша, ата-аналардың хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Акция барысында, ата-аналар медициналық мамандардан кеңес алып, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды. Қатысушылар үшін салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді, сондай-ақ, балаларға арналған интерактивті алаңдар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Медицина қызметкерлері, медициналық сауаттылықты арттыруға және бүкіл отбасының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған ақпараттық-білім беру материалдарын таратты. Балалар сыйлықтар алды.
«Ұлым екеуміз, АИТВ-ның алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туралы бірнеше ақпараттық брошюралар алдық. Бұл ақпарат жасөспірім ұлы мен бүкіл отбасы үшін өте маңызды. Осындай іс - шараларды өткізгеніңіз үшін рахмет», - деп атап өтті жасөспірім Арманның анасы Сәуле.
Акция балаларды, ата — аналарды және мамандарды, жас ұрпақтың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызды мақсаты төңірегінде біріктіре отырып, жылы және мерекелік атмосферада өтті.