АЛМАТЫДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯЛАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

АЛМАТЫДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯЛАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем станцияларында балаларға арналған Ашық есік күні өтті.

Жас қонақтар үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, олардың барысында жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы таныстырылды. Медицина қызметкерлері өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып, заманауи медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем көліктерінің жарақталуын көрсетті, сондай-ақ тәжірибеден қызықты оқиғалармен бөлісті.
Балалар санитарлық автокөліктердің ішіне кіріп, медициналық аппаратураны көріп, жедел жағдайларда бригадалардың қалай әрекет ететінін білді. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері мен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндірді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың медициналық мамандықтарға қызығушылығын арттырып, денсаулық пен қауіпсіздік туралы білім деңгейін көтеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Ашық есік күні жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жаңа білім, жарқын әсерлер сыйлап, адам өмірі мен денсаулығын қорғап жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.