Бір шеберлік сабағы аясындағы үш күрделі ота: Алматыда артроскопияның заманауи тәсілдері қолданылып жатыр

Бір шеберлік сабағы аясындағы үш күрделі ота: Алматыда артроскопияның заманауи тәсілдері қолданылып жатыр

Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Санкт-Петербургтен келген медицина ғылымдарының кандидаты, травматолог-ортопед Дмитрий Шулеповтың қатысуымен артроскопиялық хирургия бойынша тәжірибелік шеберлік-сыныбы өтті.

Іс-шараның мақсаты - буын ауруларын емдеудің шағын инвазивті заманауи әдістерін тәжірибеге енгізу, мамандардың кәсіби білігін арттыру және клиникалық тәжірибе алмасу.
Мастер-класс барысында буын жарақаты мен патологиясы бар науқастарға кеңес беріліп, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде үш күрделі артроскопиялық ота жасалды:
- иық буынының Банкарт зақымын қалпына келтіру;
- тізе буынының менискін тігу;
- иық буынының айналмалы манжетын қалпына келтіру.
Артроскопия - буын ішіндегі зақымды шағын тілік арқылы емдеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Бұл тәсілдің артықшылығы - тін аз жарақаттанады, ауырсыну жеңілірек өтеді, науқас тезірек оңалады.
Тәжірибелік бөлім мамандарға өзара тәжірибе алмасуға, күрделі буын патологиясын емдеудің жаңа тәсілдерін талқылауға және кәсіби байланысты нығайтуға жол ашты.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге 1 және 2-травматология және ортопедия бөлімшелерінің меңгерушілері Медет Жанысов пен Сағит Маханов атсалысты.

Мұндай тәжірибелік оқыту шаралары медициналық көмектің сапасын арттырып, заманауи технологияның күнделікті тәжірибеге енгізілуіне ықпал етеді.