96 алматылық бір күннің ішінде АИТВ-ға экспресс-тесттен өтті

96 алматылық бір күннің ішінде АИТВ-ға экспресс-тесттен өтті

Алматыда Арбатта Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығымен бірлесе Алматы қ. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес Орталығымен ұйымдастырылған «Менің денсаулығым- менің қолымда. Менің таңдауым- қауіпсіз өиір» атты кең көлемді акция өткізілді

Іс-шара медицина мамандарын, жастарды, қала тұрғындары мен қонақтарды АИТВ- инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу, сондай-ақ репродуктивті және психоэмоционалдық денсаулықты сақтау тақырыптарымен біріктірді.
Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеев атап өткендей, акцияның басты мақсаты - халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және тексерулерден уақытында өтуінің маңыздылығы туралы ақпараттануын арттыру болып саналады.
Акция аясында АИТВ-ның алдын алу және инфекцияны ерте анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қалағандардың барлығы тегін, құпия және ықыласымен
АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өту ммүкіндігіне ие болды. Акция барысында 96 адам тестілеуден өтіп, одан шыққан қорытындыны 20 минуттан кейін алды.
Мамандардың айтуынша, алматылықтар арасында тестілеуге деген қызығушылық арта түсуде. Жыл сайын АИТВ-мәртебесін қала тұрғындарының 20% -дан астамы біледі. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес Орталығының медицина қызметкерлері тұрақты түрде көшпелі акциялар өткізуде, оқу орындары мен ұйымдарға барып, АИТВ-ның алдын алу туралы білімдерін дәріптейді.
Акцияның ақпараттық алаңдары ең алдымен жастар аудиториясына бағытталған. Қатысушылар балалар гинекологы, уролог және эпидемиологтың кеңесін тегін ала алды.
Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының директоры Гаухар Кошкимбаеваның айтуынша, дәрігерлер ЖЖБИ-дың алдын алу, тұрақты медициналық тексерістің және аурушаңдықты ерте диагностикалаудың маңыздылығы, сондай-ақ, жасөспірім жастан бастап денсаулыққа қамқорлық жасау мәдениетінің қалыптасуы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, қонақтарға арнап викториналар, тақырыптық сауалнамалар және ақпараттық материалдар таратылатын интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Қатысушылар салауатты өмір салты, АИТВ-ның алдын алу және психоэмоциялық денсаулықты сақтау мәселелерін белсенді талқылады.

Мамандар халықты ашық ақпараттандыру және тестілеудің қолжетімділігі АИТВ-инфекциясының алдын алудағы неғұрлым тиімді құралдардың бірі болып қалатынын баса айтады. Мұндай акцияларды қоғамдық кеңістікте өткізу ала тұрғындары үшін медициналық көмек пен кеңестің қолжетімді болуына және қоғамдық денсаулықты нығайтуға септігін тигізбек.