Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған Ашық есік күні

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған Ашық есік күні

 

2026 жылғы 23 мамырда Алматы қаласының №21 қалалық емханасында 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара аясында тар шеңберлі мамандардың қатысуымен балаларға профилактикалық тексеру ұйымдастырылды. Балаларды қабылдау таңғы 9-дан кешкі 17-ге дейін жүргізілді. Бір күнде 45 бала педиатр, невропатолог, офтальмолог, хирург және тіс дәрігерінен кеңес алды.

Акцияның негізгі мақсаты - кез келген аурудың алдын алу, денсаулықтың ықтимал бұзылыстарын ерте анықтау және ата-аналардың балалардың тұрақты медициналық тексерулеріне назарын арттыру. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар үшін қолайлы және жайлы жағдай жасау.

Емханада 25.05.2026 ж.бастап 30.05.2026 ж. дейін 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға күнделікті профилактикалық тексеру жүргізу үшін жұмыс кестесі бекітілді.

Емхана мамандары уақтылы диагностиканың маңыздылығын атап өтіп, балаларға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй және бақытты балалық шақ тіледі.