Алматы ҚДСБ телемедицина мен медициналық көмек сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Алматы ҚДСБ телемедицина мен медициналық көмек сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Алматы қаласы ҚДСБ басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен кезекті жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында телемедицина орталығының қызметі, протоколдық тапсырмалардың орындалуы, инсульттік және нефрологиялық қызметтердің жұмысы, сондай-ақ eOtinish платформасы арқылы азаматтардан келіп түсетін өтініштерге жүргізілген талдау мәселелері қаралды.

Ерекше назар пациенттермен жұмыстың сапасына, тапсырмалардың дер кезінде орындалуына, пациенттерді бығыттау процесіне және медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға аударылды. ҚДСБ басшысы бақылауды күшейту, тұрғындармен коммуникацияны жақсарту және медициналық көмектің тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.