
1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасына қарасты емхананың қызметкерлері терапевт Қалкеева С.С., кардиолог Аяпова А.К., эндокринолог Ораз Н.Е. және әлеуметтік қызметкер Төлетаева А.Б. құрамында көшпелі топ құрып, үй жағдайында қаралуы қажет ардагерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне медициналық тексеру жүргізді. Сонымен қатар оларға азық-түлік себеттері табысталды.
Қарттар медицина қызметкерлеріне көрсетілген көңіл мен қолдау үшін шынайы алғыстарын білдірді.