
4–6 мамыр 2026 жылдың аралығында International Society for Pediatric Neurosurgery «Балалар нейрохирургиясы патологияларына мультидисциплинарлық көзқарас» атты Халықаралық конференция өтуде.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Алматы қаласының Әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым ашты.
Бұл іс-шара әлемнің 20-дан астам елінен келген жетекші мамандарды біріктіріп және балалардың күрделі нейрохирургиялық ауруларды емдеуінің заманауи тәсілдерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.
Конференция аясында Charité – Universitätsmedizin Berlin клиникасының жетекшісімен балалар нейрохирургымен қатысуымен мастер-класс өтуде. Практикалық бөлімде мидың қолжетімсіз ісіктері бар екі науқасқа операция жасалынады.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мен шетелдік сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, халықаралық тәжірибе негізінде нейрохирургиялық емдеу хаттамаларын қайта қарау мәселелері талқыланды.
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қазақстанда балаларға медициналық көмектің көпдеңгейлі жүйесі қалыптасуы дамып жатыр.
Бүгінде 82 түрдегі жоғары технологиялық медициналық қызмет қолжетімді, жыл сайын 17 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалынады, ал жоғары технологиялық көмектің көлемі соңғы жылдары үш еседен астам артқан. Клиникалық тәжірибеге нейронавигация, интраоперациялық нейромониторинг, эндоскопиялық және аз инвазивті әдістер, сондай-ақ «гамма-пышақ» сияқты заманауи технологиялар енгізілуде.
Алматы қалалық №2 балалар клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, бұл конференция стратегиялық маңызға ие және Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Ол жоғары технологиялық операцияларды енгізуге және балалар нейрохирургиялық патологияларын емдеудің заманауи тәсілдерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Конференцияның негізгі тақырыбы — күрделі ауруларды емдеудегі әлемдік стандарт болып табылатын мультидисциплинарлық тәсіл. Оған ми ісіктері, дәріге төзімді эпилепсия, туа біткен даму ақаулары (spina bifida), сондай-ақ ауыр неврологиялық және қозғалыс бұзылыстары кіреді.
Іс-шараны Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы ұйымдастырды. Конференция отандық медицинаның халықаралық беделін арттырып, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге және мамандардың біліктілігін арттыруға жағдай жасайды.
Іс-шара аясында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атынан Марат Пашимов және бірқатар жетекші шетелдік медициналық ұйымдар — В. А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Charité – Universitätsmedizin Berlin және Dana-Dwek Children’s Hospital арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Құжаттар серіктестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және балалардағы нейрохирургиялық патологияларды емдеуде мультидисциплинарлық тәсілді қоса алғанда, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.