Кеңесте медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты негізгі мәселелер қаралды: емханалардың жұмыс сапасы, балаларды үйде патронаждау, гинекологиялық көмекті мониторингтеу, сондай-ақ босандыру ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Инфекциялық қауіпсіздік мәселелеріне және Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарындағы медициналық ұйымдарға жүргізілген тексерулердің нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
Кеңес қорытындысы бойынша Марат Пашимов инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жандандыруды және шағымдар санын азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Кеңеске қаланың мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.