
Алматы қаласының Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында жатырішілік эндоскопиялық хирургия бойынша «hands-on training» (практикалық оқыту) элементтері бар шебер сыныбы өтті.
Іс-шара теория тұрғысынан, клиникалық жағдайларды талдауды және заманауи хирургиялық әдістерді практикалық көрсетуді біріктірді. Жатырішілік хирургияның өзекті мәселелері талқыланып, гинекологиялық патологияларды емдеудің заманауи технологиялары мен тәсілдері ұсынылды, сондай-ақ клиникалық іс- тәжірибемен алмасу жүргізілді.
Алғысөзді сарапшы ретінде жоғары санатты акушер-гинекологтар Болат Олегұлы Ишанғали және Қадыржан Маратұлы Үсенов бастады.
Шебер - сыныпқа Қазақстан аймақтарынан, сондай-ақ Өзбекстан, Түрікменстан және Ресей Федерациясынан келген 250-ден астам дәрігер қатысты.
Екі күн ішінде, жатыр миомасы, эндометрия түймешігі, жатырішілік синехия жағдайларын қосқанда 14 операция жасалды. Сонымен қатар, жыныс мүшелерінің даму ауытқулары, оның ішінде қынаптың, жатыр мойнының және жатырдың толық екі еселенуі кезінде диагностикалық гистероскопия жүргізілді.
Барлық операциялар заманауи эндоскопиялық технологияларды көрсетумен және пациенттерді емдеу тактикасын талдаумен ұласты.
Іс-шара дәрігерлердің біліктілігін арттыруға және озық медициналық технологияларды практикалық денсаулық сақтау саласына енгізуге ықпал етті.