АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды жеке қабылдап, қабылдау барысында тұрғындардың медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өтініштері қаралды.

Қабылдау барысында дәрілік қамтамасыз ету, мамандандырылған ем алу және оңалту мәселелері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы еңбек және әлеуметтік аспектілерге қатысты жекелеген өтініштер көтерілді.

Сонымен қатар, медико-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібіне және салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларын жүзеге асыру бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бейінді ұйымдарға көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтау тапсырылды. Орындалуы бақылауға алынды.