
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаланың медициналық ұйымдарын аралап, олардың санитарлық жағдайын, абаттандырылуын және күтіп-ұсталуын бағалады.
Бірқатар емханалар мен орталықтарда ғимараттардың жай-күйіне, кіреберіс бөліктеріне және көгалдандыруға қатысты жекелеген кемшіліктер анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша объектілерді күтіп-ұстау сапасына бақылауды күшейту, санитарлық нормаларды сақтау және анықталған ескертулерді уақытылы жою жөнінде тапсырмалар берілді.