АЛМАТЫЛЫҚ МЕДБИКЕ САМБО БОЙЫНША ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

АЛМАТЫЛЫҚ МЕДБИКЕ САМБО БОЙЫНША ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

2026 жылғы сәуірдің 11-12 аралығында Ереван қаласында өткен Самбо бойынша әлем кубогы 2026 22 елден келген 570 спортшының басын қосты. Осы додада зағип жандар арасындағы әйелдер самбосынан 59 кг салмақ дәрежесінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкері Айнагүл Берік қола жүлдеге ие болды.

Айнагүл Берік - медицинада өз ісінің шебері ғана емес, халықаралық деңгейде топ жарған спортшы. Ол бұған дейін де ел намысын абыроймен қорғап, 2025 жылы Дели қаласында өткен Азия және Параазия чемпионаттарында қол күресінен екі бірдей алтын медаль жеңіп алған.

Бұл жетістік - табанды еңбек пен қайсар мінездің, өз ісіне деген адалдықтың айқын көрінісі. Бұл жеңіс - тек медицина қауымының ғана емес, барша алматылықтардың, қазақстандықтардың мақтанышы.