Алматыда медициналық ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

Алматыда медициналық ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен қаланың медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Отырыста медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Кеңестің күн тәртібінде:
— медициналық ұйымдардың телемедицина саласындағы қызметі
— 2026 жылдың I тоқсанындағы вакцинациялау көрсеткіші
— Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысына талдау
— eOtinish платформасы арқылы түскен азаматтардың өтініштерін талдау
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша перзентханалардағы жаңа туған сәбилерді вакцинациялау көрсеткіші жоспарлы деңгейге жеткені атап өтілді.
Сонымен қатар, қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстармен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмалар берілді.