
Бүгін «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, ауруханаға жатқызу бойынша қолдау көрсету, МӘМС жүйесіне қатысты түсіндірмелер беру, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектікті қайта қарау мәселелері кеңінен талқыланды.
Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, басқарма басшысы өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нақты түсініктемелер берді. Кейбір мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.