XXX Халықаралық «Алматы эндокринологтар мектебі» конференциясы

XXX Халықаралық «Алматы эндокринологтар мектебі»  конференциясы

4 сәуірде Алматы қаласында XXX Халықаралық «Алматы эндокринологтар мектебі» конференциясы өтті.

Ұйымдастырушы - №7 қалалық клиникалық аурухананың эндокринология бөлімшесі мен ҚРМУ-ның эндокринология кафедрасы болып табылады.
 
Конференция аясында эндокринология саласындағы заманауи және өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды: эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу және пациенттерді жүргізу, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтауға жаңа клиникалық тәсілдер мен технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Конференция спикерлері ретінде Қазақстан, Ресей және Польша елдерінен келген жетекші профессорлар мен сарапшылар сөз сөйлеп, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен, клиникалық тәжірибелерімен және эндокриндік патологияны емдеуге қатысты халықаралық ұсынымдармен бөлісті.
Конференция мамандар арасында кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды.
Іс-шараға 500-ден астам тыңдаушы -дәрігерлер, резиденттер және кәсіби біліктілігін арттыруға қызығушылық танытқан мамандар қатысты.

Осындай іс-шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады және озық тәжірибелерді клиникалық практикаға енгізуге ықпалын тигізеді.