Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген «трихобезоар» науқасына сәтті операция жасады

Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген «трихобезоар» науқасына сәтті операция жасады

Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық аурухана хирургтары аса күрделі – қайталанған диагнозды, айтарлықтай жоғары кәсіпқойлық пен үлкен тәуекелділікті қажет ететін, «зергерлік» операция жасады.

Ауруханаға шұғыл түрде жоғарғы іш өтпеушілік белгілерімен, 12 жастағы науқас қыз жеткізілді. Оған сирек әрі өте күрделі – трихобезоар (асқазандағы шаштан құралған ірі конгломерат) диагнозы қойылған.

№2 БҚКА директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, кешенді тексеру барысында, соның ішінде эндоскопия әдістерді қолдану арқылы, дәрігерлер баланың өміріне тікелей қауіп төндіретін және шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін ірі түзілісті анықтаған.

Бұл жағдайдың күрделілігін арттырған тағы бір мәселе – науқастың ауру тарихы: қыз бала бұған дейін жоғарыда көрсетілген диагноз бойынша екі рет операция жасатқан, 2021 жылы Шымкент қаласында, ал 2024 жылы Семей қаласында. Кез келген қайта жасалған операциялардай, іш қуысында болатын жабысқақ процестің (спайка) дамуымен қатар, операциядан кейінгі тыртықтардың пайда болуына және асқазан қабырғасының едәуір өзгеруіне әкелген.

«Бұл жағдайлар, болатын операцияны айтарлықтай күрделендіріп, операция кезінде елеулі техникалық қиындықтар туғызды», — деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Қаптағаев.

Жоғары күрделілік пен қауіп-қатерге қарамастан, хирургтар операцияны жоғары кәсіби деңгейде орындады. Хирургиялық араласу сәтті өтіп, операция барысында асқынулар тіркелген жоқ, бұл мамандардың жоғары біліктілігін және медициналық команданың үйлесімді жұмысын көрсетеді.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Пациент, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек, пациентің өз шашын жейтіні анықталған (трихофагия). Осыған орай, госпитализация кезінде науқаспен психолог жұмыс жасаған. Емханадан шыққаннан кейін қайталанудың алдын алу үшін, психиатрдың бақылауында болу ұсынылады.

Бұл жағдай Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында білікті мамандардың, медициналық көмекті жоғары деңгейде көрсететінің, тіпті ең күрделі клиникалық жағдайлардың да кәсіби, әрі тиімді шешілетінін айқын белгісі.