7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ПРОКТОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҰЗАҚ УАҚЫТ АУРУДАН ЗАРДАП ШЕККЕН НАУҚАСТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ПРОКТОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҰЗАҚ УАҚЫТ АУРУДАН ЗАРДАП ШЕККЕН НАУҚАСТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада ішек қызметінің ауыр бұзылыстары бар науқасқа күрделі біріктірілген операция сәтті жасалды: тік ішектің III дәрежелі түсуі, анальды сфинктердің III дәрежелі жеткіліксіздігі, газ бен ішек құрамын толық ұстай алмау.

49 жастағы әйел сегіз жыл бойы ішекке байланысты күрделі мәселеден зардап шеккен. Уақыт өте келе жағдайы айтарлықтай нашарлаған: тік ішектің түсуі шамамен 10 сантиметрге дейін жетіп, ішек құрамын ұстай алмау оның қалыпты әлеуметтік өмірін іс жүзінде мүмкін емес етті. Әйел үнемі үйде отыруға мәжбүр болып, тұрақты физикалық әрі психологиялық жайсыздықты бастан өткерген.

Пациент бұған дейін жеке, клиникада операция жасатқан, бірақ ол жерде мәселенің түп тамырын жоймай, керсінше ушықтырып жіберген.

«Операцияға мұқият жан- жақты дайындық жүргізілді, бір мезетте бірнеше кезеңнен тұратын гибридті операция жасауға шешім қабылдадық.Операция барысында тік ішектің түсіп кетуін болдырмау, артқы кольпорафия, сонымен қатар алдыңғы және артқы сфинкстеролнватораплпстика жүргізілді» — деді операция жасаған жетекші хирург колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі Марат Каленбаев

Хирургтар ағзалардың анатомиялық орналасуын қалпына келтіріп, ішекті сенімді бекітті, сондай-ақ ұстап тұру қызметіне жауап беретін бұлшықеттерді нығайтты. Мұндай кешенді тәсіл тек симптомдарды жоюмен шектелмей, мәселені толық шешуге мүмкіндік берді.

Бұл аса күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ( МӘМС) шеңберінде жасалды.

Операция сәтті өтті. Келесі күні пациентте оң динамика байқалды: ішектің түсуі, беріктік қызметі қалпына келді.

Бүгінде пациент шектеусіз, ауырсынусыз және қорқынышсыз толыққанды өмірге қайта оралуда.

Бұл жағдай нақты диагноз қоюдың, дұрыс емдеу тактикасын таңдаудың және ең күрделі клиникалық жағдайлардың өзінде тиімді нәтиже көрсететін дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.