Жеке қабылдау барысында қала тұрғындарының медициналық көмек көрсету және емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініштері қаралды.
Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, халықтың өтініштерін жедел шешуге және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
📅 Азаматтарды қабылдау әр бейсенбі күні сағат 15:00–ден 18:00–ге дейін өтеді.
Қабылдау барысында тұрғындар қаладағы денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарымен, ұсыныстарымен және мәселелерімен жүгине алады.
📞 Қосымша ақпарат алу және қабылдауға жазылу үшін call-орталыққа келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
+7 700 050 1213
+7 700 050 1312