АҚШ-ТЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ №2 БҚКА БАЗАСЫНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА КЕҢЕС ЖҮРГІЗДІ

АҚШ-ТЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ №2 БҚКА БАЗАСЫНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА КЕҢЕС ЖҮРГІЗДІ

Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының «Визитинг профессор»бағдарламасы аясында Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына тұқым қуалайтын метаболикалық бұзылулар және митохондриялық аурулар саласындағы жетекші маман, Бэйлор медицина колледжінің профессоры (Хьюстон қ., АҚШ) Фернандо Скаглия келді.

Фернандо Скаглия-митохондриялық аурулары бар науқастарға арналған терапияның жаңа әдістерін жасауға бағытталған халықаралық клиникалық зерттеулердің негізгі зерттеушісі. Ол сонымен қатар 280-нен астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Кездесу барысында профессор Алматы қаласынан сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға кеңес берді. I типті гликогеноз, помпе ауруы, пропионды аминоацидурия, прогерия және басқа сирек кездесетін патологиялар сияқты диагноздарды емдеу бойынша ұсыныстар берілді.