Негізгі басымдық - профилактика: Алматыда АИТВ-инфекциясының алдын алу мен емдеуді одан әрі дамыту талқыланды.

Негізгі басымдық - профилактика: Алматыда АИТВ-инфекциясының алдын алу мен емдеуді одан әрі дамыту талқыланды.

Алматы қаласында ағымдағы жылдың 13 наурыз күні қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының 2025 жылғы жұмысының қорытындысы жасалды және 2026 жылы атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары анықталды.

​ ЖИТС орталығының директоры Марат Төкеев мамандар 15-49 жас аралығындағы қала тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясының таралуын болжамды 0,62%-дан төмен болған 0,51% деңгейінде ұстап қала алғандары туралы айтты. Қазақстанның аймақтары арасында Алматы қаласы бұл көрсеткіш бойынша алтыншы орында.
Оң үрдістердің бірі АИТВ-ға тестілеуден өтетін тұрғындар санының артуы болды. 2025 жылы қала халқының 22% -дан астамы тест тапсырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға өсті. Бұл ретте тестілеудің өсуі аясында анықталған жаңа жағдайлардың саны 13%-ға төмендеді. Мамандардың айтуынша, бұл жүйелі профилактикалық жұмыстың, денсаулық сақтау саласына инновациялар мен цифрлық шешімдерді белсенді енгізудің нәтижесі болып табылады.
Бұгінгі таңда АИТВ алдын алу, оның ішінде халықтың негізгі топтары арасында алдын алу ЖИТС орталығы қызметінің басты бағыты болып қалады. Алматы қаласының барлық аудандарында «Зиянды төмендету» бағдарламасы жұмыс жасауда, 10 Сенім пункті және 3 Достық кабинеті қызмет көрсетуде, бұл жерде тұрғындарға кеңес беріледі, олар тестілеуден өтіп, қажетті көмек ала алады.
​Қызмет үкіметтік емес ұйымдармен бірге белсенді өзара әрекет етеді. 13 ҮЕҰ-мен серіктестік туралы меморандумдар жасалған, олар профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға және халықтың негізгі топтарымен жұмыс жасау барысына қатысады.
​Сонымен қатар, ЖИТС орталығы ғылыми және клиникалық инновацияларды белсенді енгізіп келеді. Мамандардың зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми журналдарда жарияланады. Жаңа бастамалардың қатарында иммундық мәртебені ескере отырып, пневмококкты вакцинамен АИТВ — мен өмір сүретін адамдарды вакцинациялау жөніндегі пилоттық жоба, сондай-ақ, жастар арасында стигматизацияны төмендетуге және тестілеумен қамтуды кеңейтуге бағытталған азаматтық ғылым жобасы бар. Алынған деректер профилактикалық және коммуникациялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолданылады.
Кеңесті қорытындылай отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов профилактика қаланың барлық денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдығы болып қалуға тиіс екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жастармен, яғни, оқушылармен және білімгерлермен жұмыс жасауға ерекше назар аудару қажет. Жастар өздерін инфекциядан қалай қорғауға болатынын, неге жүйелі түрде тестілеуден өтіп тұру және денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау маңызды екенін білу керек.
Сондай-ақ, ҚДБ-ның басшысы қаланың медициналық ұйымдарында, оның ішінде стационарларда да ағартушылық жұмысты күшейтуді тапсырды, стационарларда медицина қызметкерлері пациенттерді АИТВ-ның алдын алу туралы белсенді түрде хабардар ету керектігін ескертті.
Алматыда сәтті қолданылып жатқан АИТВ-ға өзін-өзі тестілеудің оң тәжірибесін жеке атап өтті. Болашақта өздерінің АИТВ-мәртебесін мүмкіндігінше көбірек қала тұрғыны білу үшін бұл құралды кеңінен енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Марат Пашимов дәрігерлердің халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуы және озат медициналық практикаларды енгізу арқылы дәрігерлердің біліктілігін одан әрі арттыруға назар аударды.

Белгіленген шараларды іске асыру профилактикалық жұмысты одан әрі дамытуға және Алматы тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.