Алматыда дәрігерлерге арналған балалардың дамуын мониторингтеу бойынша тренинг басталды

Алматыда дәрігерлерге арналған балалардың дамуын мониторингтеу бойынша тренинг басталды

Алматыда №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында дәрігерлерге арналған «Баланың дамуын бақылау жөніндегі нұсқаулық» (РМРР/GMCD) бойынша тренинг өтуде.

Оқытуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау мен балалардың ерте дамуы бағдарламалары бірлесіп ұйымдастырды.

Тренинг 2026 жылғы 13–18 наурыз аралығында өтеді. Оған Алматы қаласының емханалары, стационарлары, жеке медициналық орталықтары, оңалту орталықтары мен мамандандырылған балалар үйлерінен 80-нен астам дәрігер қатысуда.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова құттықтау сөз сөйледі.

Тренингтің ашылуын Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова жасады.

Оқытуды халықаралық сертификатталған тренерлер жүргізеді: Н.Сағатбаева, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ; Ж. Нұрғалиева, амбулаторлық педиатрия кафедрасының профессоры С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ; және «Алау» оңалту орталығының директоры, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының балаларды оңалту жөніндегі бас маманы М.Шегебаева.

Тренинг бағдарламасына теориялық сабақтармен қатар нақты пациенттер мысалында практикалық жұмыстар да енгізілген. Қатысушылар балалардың дамуын бағалаудың заманауи тәсілдерін және мүмкін болатын бұзылыстарды ерте анықтау әдістерін меңгереді.

Айта кету керек, 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады. Онда балалардың ерте дамуы мен ерте араласу мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Алдағы уақытта педиатриялық көмекті жетілдіру мақсатында баланың дамуын мониторингтеу жөніндегі нұсқаулықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне енгізу жоспарлануда.