
Құрметті әйелдер қауымы, қадірменді әріптестер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Әйел қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық процестердің белсенді мүшесі. Ол - ең алдымен ұрпақ тәрбиелейтін ана. Әйел – отбасына береке беретін өмірдің өзегі. Ол жауапкершілік сезімі мол қызметкер, басшы. Әйелдер қандай да болмасын кәсіпте керемет жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, әріптестеріңіздің арасында зор беделге ие болуларыңызға тілектеспін!
Жақын адамдарыңыздың қамқорлығына бөленіп, өмірлеріңіз жарқын әсерлерге, қуанышты оқиғаларға толы болсын!
Құрметпен,
Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы
Марат Пашимов