Медицинаның жүрегі: кардиолог Орсалиева Несибелі Жүнісқызы өмірін науқастарға арнады

Медицинаның жүрегі: кардиолог Орсалиева Несибелі Жүнісқызы өмірін науқастарға арнады

Алматы қалалық кардиология орталығында көп жылдан бері дәрігер-кардиолог, консультативтік-диагностикалық орталықтың меңгерушісі Несибелі Жүнісқызы еңбек етіп келеді. Ол – мол тәжірибесі бар, өз ісіне адал маман.

Медицина саласында 30 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан ол, оның 20 жылын кардиологияға арнады. Несибелі Жүнісқызы кәсіби жолын 2005 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдағаннан кейін бастаған.
Бүгінде ол Алматы қалалық кардиологиялық орталығының консультативтік-диагностикалық орталығын (КДО) басқарады. Мұнда емханалардан жолдамамен жүрекке шағымы бар науқастар қабылданады. Несибелі Жүнісқызының жетекшілігімен консультативтік қабылдау жүргізіліп, диагностика жасалады және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға әрі қарайғы емдеу тактикасы айқындалады.
Әріптестері оның жоғары кәсібилігін, науқастарға деген мұқият қарым-қатынасын және салмақты медициналық шешімдер қабылдай білетінін ерекше атап өтеді. Еңбек жолында ол мыңдаған науқастың жүрек ауруларын дер кезінде анықтап, қажетті медициналық көмек алуына ықпал етті.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Несибелі Жүнісқызына көпжылдық еңбегі, жауапкершілігі және қаланың кардиологиялық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.

Оның еңбегі – мамандыққа адалдықтың, жігер мен адам денсаулығына деген қамқорлықтың жарқын үлгісі.