Алматының штаттан тыс бас кардиологы поликлиника дәрігерлеріне оқу дәрісін өткізді

Алматының штаттан тыс бас кардиологы поликлиника дәрігерлеріне оқу дәрісін өткізді

Қалалық кардиологиялық орталықта қалалық поликлиникалардың кардиологтарына арналған оқу кездесуі өтті.

Алматының штаттан тыс бас кардиологы, Орталық директорының орынбасары Аргүл Разбекова «Жүрек жеткіліксіздігі: ерте анықтау, диспансерлік есепке қою және жалпы практика дәрігерінің тәжірибесіндегі терапияны бақылау» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында созылмалы жүрек жеткіліксіздігін диагностикалаудың заманауи тәсілдері, пациенттерді маршрутизациялау алгоритмдері, диспансерлік есепке қою критерийлері, сондай-ақ бастапқы медико-санитариялық көмек деңгейінде динамикалық бақылау мен терапияны түзету қағидаттары қарастырылды.

Ерекше назар қауіп тобына жататын пациенттерді уақытылы анықтауға, жалпы практика дәрігерлерінің қырағылығын арттыруға және поликлиникалық буын мен мамандандырылған кардиологиялық қызмет арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.

Мұндай оқу іс-шараларын өткізу жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға және асқынулар қаупін төмендетуге бағытталған.