Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Пашимов қаладағы медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кезекті жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу аясында «DamuMed» ақпараттық жүйесінің өкілдерімен диалог ұйымдастырылып, медициналық ұйымдардың цифрлық платформада жұмыс істеу барысында күнделікті кездесетін өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және жұмыс процестерін оңтайландыру шараларын қарастырды.
Иммунопрофилактика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күн тәртібінде 2026 жылғы қаңтар айы бойынша қала көрсеткіштері, оның ішінде халықты профилактикалық екпелермен қамту деңгейі қаралды.
Сонымен қатар, қалалық стационарлардың қызметінің жекелеген көрсеткіштері талданды, оның ішінде №7 Қалалық клиникалық аурухана мен ЖШККА қызметі қарастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық көмектің сапасын арттыруға, вакцинация көрсеткіштерін жақсартуға және медициналық ұйымдардың жұмысын жетілдіруге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.