Қазақстан Республикасындағы ЮНФПА Өкілінің жұмыс сапары

Қазақстан Республикасындағы ЮНФПА Өкілінің жұмыс сапары

2026 жылғы 12 ақпанда Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығындағы Жастар денсаулығы орталығына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасындағы ЮНФПА Өкілі Чинва Огбонна ханым келді.

Кездесуге:
• Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Ж.К. Ахметова,
• Орталық директоры Г.Д. Кошкимбаева,
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ЖДО қызметін үйлестірушісі А.Д. Абдыкадырова қатысты.
Жұмыс сапары барысында Огбонна ханым Жастар денсаулығы орталығының қызметімен, жасөспірімдер мен жастарға арналған негізгі жұмыс бағыттарымен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан профилактикалық және консультативтік бағдарламалармен жан-жақты танысты.

Кездесу барысында ЖДО-ны одан әрі дамыту, ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты бекіту және жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған ынтымақтастық перспективалары талқыланды.