АЛМАТЫДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ МЕН ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛМАТЫДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ МЕН ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың басшылығымен ағза донорлығын, трансплантация және нефрологиялық көмекті дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Елдегі донорлықты дамыту шаралары мен жағдайы туралы негізгі баяндамамен ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК -ның директоры - Айдар Ситказинов сөз сөйледі.
Ол қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың ұлғаюы туралы (қолданыстағы заңнама шеңберінде, құқықтық және этикалық нормаларды, еріктілік қағидаттарын және толық ашықтықты сақтай отырып) атап өтіп, транспланттау белсенділігі мен күту парағы бойынша деректерді ұсынды.
Республиканың бас трансплантологы, А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов жоғары технологиялық хирургияның дамуы және өңіраралық үйлестіру туралы айтып берді.
Алматыдағы жұмыс қорытындысы туралы қалалық штаттан тыс мамандар: Меруерт Мұқанова — трансплантация қызметі бойынша, Абай Шепетов — нефрологиялық көмек бойынша, Шынар Сәрсенова — бүйрек алмастыру терапиясы және гемодиализ бойынша, Сәуле Алпысбаева — балалар нефрологиясы бойынша баяндады.
Бүгінгі таңда донорлық жұмыс Орталық қалалық клиникалық аурухана, №4 Қалалық клиникалық аурухана, №7 Қалалық клиникалық аурухана және Алматы қаласының Шұғыл жедел жәрдем ауруханалар базасында жүргізіледі.
2025 жылы Орталық қалалық клиникалық ауруханада көпмүшелі ағзаларды алу бойынша 4 өзектендірілген донордан: 8 бүйрек, 3 жүрек, 1 бауыр және 6 қасаң қабық алынды. №4 ҚКА-да 1 өзектендірілген донор тіркеліп, одан 2 бүйрек, 1 жүрек және 1 бауыр мультиағзалық түрде алынды.

Кеңес қорытындысы бойынша қызметті дамыту бойынша келесі қадамдар анықталды: Жол картасын әзірлеу, үйлестіруді күшейту, МСАК-та нефрологиялық кабинеттер ашу және трансплантациялауды қажет ететін пациенттерге мамандандырылған көмектің қолжетімділігін кеңейту.