
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына (БҚКЖАА) жұмыс сапары барысында жаңа медициналық мүмкіндіктер таныстырылып, мекеменің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылды. БҚКЖАА директоры Ержан Сералин баяндама жасап, талқылауға ҚДСБ басшысының орынбасарлары қатысты.
2025 жылы медициналық көмекке жүгінулер саны 157 230-дан 169 585-ке дейін өсіп, 7,9%-ды құрады. Барлық мақсатты клиникалық индикаторлар орындалды. Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілу деңгейі 98,16%-ға жетті, эпидемиологиялық жағдай тұрақты және басқаруға болатын деңгейде.
Мекемеде 935 қызметкер жұмыс істейді, штаттық укомплектелуі — 98,2%. Барлық мамандар оқудан және біліктілікті арттырудан өтті. БҚКЖАА Қазақстанда алғаш рет НЗПТ кезінде цитрат қолдануды енгізді, сондай-ақ ауыр жағдайларда плазмаалмастыру жүргізіледі, бұл оңалту мерзімін 2–3 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
2025 жылы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуге кадрларды даярлау үшін заманауи Симуляциялық орталық өз жұмысын бастады.
Сапар қорытындысы бойынша ауыр халдегі пациенттерді бақылауды күшейту, персоналды оқытуды кеңейту, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою, КТ мен ПТР-зертханасының тәулік бойы жұмысын ұйымдастыру және балалар жұқпалы аурулар қызметін дамытуға арналған Жол картасын әзірлеу тапсырылды.