
«Шымбулак» тау шаңғы курортында Алматы қаласының төтенше қызмет өкілдері мен альпинистер қауымдастығына арналған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша шеберлік дәрісі өтті. Іс-шараны қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.
Аяқ-қолдың сынуы, бас жарақаты, оларды тану тәсілдері, алғашқы көмек көрсету алгоритмдері және зардап шеккендерді дұрыс бекіту жолдары сынды травматология мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қатысушылар құрысу ұстамасы мен өзге де шұғыл жағдай кезіндегі әрекетті талқылады.