
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов №4 перзентханаға барып, мекеме директорының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есебін тыңдады.
2025 жылы 9 743 әйелге медициналық көмек көрсетілді (2024 жылмен салыстырғанда 569-ға көп). 4 714 әйел босанып, 1 054 кесарь тілігі жасалды, жүктілік патологиясы бар 7 200-ден астам пациент емделді. Ерте неонаталдық және нәресте өлім-жітімінің төмендеуі тіркелді. Қабылдау бөлімінде триаж-сұрыптау жүйесі енгізіліп, медициналық көмек тұрғылықты жеріне қарамастан барлық пациентке көрсетіледі.
Жылдың негізгі нәтижелері:
• бөлімшелер мен санитарлық тораптардың жаңартылуы;
• GPP сертификатын алу;
• кредиторлық берешексіз қаржылық тұрақтылық;
• әйелдер кеңесінің ашылуы;
• «Босанғаннан кейінгі Check-Up» қызметінің іске қосылуы.
Жыл ішінде 177 қызметкер оқытудан өтті, оның ішінде 28 дәрігер бар. Пациенттердің өтініштерімен жұмыс күшейтіліп, қайталама шағымдар тіркелмеді.
2026 жылға арналған басымдықтар: госпитальдық фармацияны дамыту, ғимарат пен жабдықтарды жаңғырту, персоналдың біліктілігін арттыру, процестерді одан әрі цифрландыру.
Сапар қорытындысында Марат Пашимов өзекті мәселелерді атап, нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, кадр тапшылығын, ең алдымен орта медициналық персонал жетіспеушілігін қысқарту, хирургиялық бейін бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ аз инвазиялық операцияларды, заманауи емдеу және диагностика әдістерін белсенді енгізу жүктелді.
Сонымен қатар, даму бағыттарын айқын белгілеу, гинекология бөлімінде атқарылатын операциялық араласулар аясын кеңейту, бұл ретте қолданыстағы жұмыс көлемін төмендетпеу тапсырылды. Негізгі мақсат — жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.